Жарияланған күні:
2022 жылғы 10 наурызда үкіметаралық гранттар шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында қазақстандық тарап Мажарстанға «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша оқуға түсуге 245 адам ұсынды және 96 адам резервтік тізімге енгізілді.
2022-2023 оқу жылына арналған осы бағдарлама аясында Мажар тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынды:
Қорытынды конкурстық комиссиясы ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді негізгі және резервтік тізімге мына үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша енгізді, олар: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға.
Білім беру гранттарын беру туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.