Жарияланған күні:
Құрметті үміткерлер,
«Stipendium Hungaricum» стипендиясына құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 21 ақпанда сағат 18:00-ге дейін ұзартылды.
Құжаттардың толық пакетін қабылдау:
Құжаттарды үміткердің өзі немесе оның сенім білдірген өкілі тапсыра алатынын естеріңізге саламыз. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда өкілде үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы міндетті.
Құжаттардың толық пакетін дұрыс тапсырған үміткерлермен тәуелсіз сараптама комиссиясының Онлайн-сұхбаты 21 ақпан мен 4 наурыз аралығында өтеді. Сіз сұхбаттың күні мен уақытын, сұхбаттың өту нұсқаулығын және Microsoft Teams электрондық поштасына сілтеме 1-2 күн бұрын аласыз.
Құжаттарды сәтті тапсырған әрбір үміткер міндетті түрде әңгімелесуден өтеді.