Жарияланған күні:

«STIPENDIUM НUNGARICUM» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ МАЖАРСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСУГЕ ҰСЫНЫЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен өткен үкіметаралық гранттар жөніндегі қорытынды комиссияның шешімімен 250 қазақстандық үздік мажар жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

Жалпы биыл конкурстық іріктеуге 900-ге жуық үміткер қатысты.

«Stipendium Нungaricum» білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешімді Венгрия тарапы қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметаралық келісімдер аясында қазақстандықтарға жыл сайын «Stipendium Нungaricum» бағдарламасы арқылы Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуға арналған гранттар ұсынылады. Грант оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайын стипендия төленеді.

Тізім