Басты бет > BOLASHAQNEWS > SUCCESS STORY

Жарияланған күні:

Success story

Ақбота Батырхан – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Медиа саласында он жылдық тәжірибесі бар. Ақбота University of Surrey (Ұлыбритания) университетінде кино және медиакоммуникация (Film and Media studies) мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтады. Қазіргі уақытта ҚР Президенті Телерадиокешенінде режиссер-документалист болып жұмыс істейді. «Президенттік пулда» 10 жылдан астам жұмыс істеп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік ресми сапарларын таспаға түсіріп, үлкен кәсіби тәжірибеге ие болды. Ақбота Елбасының қызметін көрсететін 50-ден астам деректі фильмнің режиссері: «Назарбаевпен басты мәселелер туралы», «Инвестиция үшін күрес. Президенттің жаһандық стратегиясы», «Галстуксіз үлкен саясат», «G20 + Қазақстан», «Бітімгершілік күш-жігердің жол картасы» және тағы басқалар. Жетістіктер:

  • «Назарбаевпен басты мәселелер туралы» деректі фильмі «Тарих және тұлға» номинациясы бойынша «Еуразия» ХІІ Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды;
  • Вашингтондағы Ядролық саммит (2016 ж.), БҰҰ Ассамблеясының жетпісінші сессиясы (2015 ж.) сияқты әлемдік ауқымдағы түрлі іс-шараларға қатысып, Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға (2014 ж.) аккредитация алған Қазақстаннан келген жалғыз журналист болды.;
  • Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасына ие болды;
  • «Галстуксіз үлкен саясат» және «Назарбаевпен басты мәселелер туралы» деректі фильмдері Елбасы туралы рейтингі жоғары фильмдердің біріне айналды;
  • ҚР Президенті Іс Басқармасының Алғыс хатына ие болды.