Жарияланған күні:

SUCCESS STORY | Дәулет Қанашаев

Дәулет Қанашаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы University of Exeter оқу орнында «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Ғылыми диссертациясының тақырыбы: «Қазақстандағы мұнай мен газ өндіру салдарынан болатын «голланд ауруы».

Қазіргі уақытта Дәулет М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығы бойынша PhD кандидаты.

Жетістіктері:

  • Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі;
  • ҚазМұнайГаз жүйесіндегі болашақ басқарушыларды даярлау мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Кадр резерві» бағдарламасының мүшесі (2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінен 90 мың жұмыскерден 30 адам іріктелді);
  • Компания мен еншілес ұйымдардың, аудиторлық тексеру командасының көшбасшысы, мүшесі; Компания мен оның еншілес ұйымдарының («Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және т. б.) ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігіне бағалау жүргізді;
  • Компанияның қаржылық және әкімшілік мәселелерінің кураторы ретінде «Бал текстиль» ЖШС-де ERP жүйесін кешенді енгізу бойынша жобаны басқарады.
  • 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін еліміздің түрлі ірі компанияларында мұнай және газ саласында жұмыс істеді. Олар: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, KPMG Kazakhstan.
  • 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласындағы «Бал текстиль» ЖШС кілем өндіру фабрикасы директорының орынбасары болып жұмыс істейді.
  • «Бал Текстиль» ЖШС - кілем өнімдерін өндіретін алғашқы және ірі отандық фабрика. Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі. Кәсіпорын 2012 жылы Шымкент қаласында құрылған.
  • 2016 жылы фабрика «Үздік сапа» аталымы бойынша «Алтын жұлдыз» – ISAQ жүлдесін иеленді (Женева, Швейцария).

Қазіргі уақытта фабрикада 360-тан астам адам жұмыс істейді және ол Шымкент қаласындағы ірі салық төлеушілердің бірі болып табылады. Шығарылатын өнім көлемі жыл сайын артып келеді, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Компания тұрақты түрде кеңеіп келеді.