Басты бет > BOLASHAQNEWS > Success story

Жарияланған күні:

Success story

Саида Қалықова – пианист, композитор, музыка академигі. Саида «Болашақ» бағдарламасы бойынша Италияда Conservatorio Luigi Cherubini бітірді.

Саида алты жасында ата-анасына айтпай, музыка мұғалімінің сабақтарына өз бетінше жазылды. Өнер үйренудің өз қиындықтары күтіп тұр еді. Ауыр науқастан кейін Саида көзінен айрылды. Бірақ Саида берілмеді, арман оны жаңа мақсаттарға жетелеп, өмірін өнерге арнады. Ноталарды көзбен емес, жүрекпен үйренді. 15 жасында ол «Жаңбырдан кейін» деген өзінің алғашқы музыкалық шығармасын жазды. Онда ол табиғатты өнер тілімен суреттеді.

Аида 100-ден астам музыкалық шығармаларды жатқа біледі, олардың бәрін еш қиындықсыз орындай алады. Оның ішінде 20-ға жуық өз туындылары бар. Ол Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Италияда да ондаған концерт берді. Халықаралық байқауларға, қайырымдылық шараларға қатысты. Ол репертуарын үнемі жаңартып отыруға тырысады. Оның бірегей бағдарламасын тыңдармандар жиі байқайды.

2017 жылы Саида өзінің жазушылық дарыны мен фортепианодағы виртуозды ойынымен мыңдаған адамның жүрегін жаулап, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енді. Сол жоба аясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбавпен кездесіп, «Клементони» атты туындысын орындады. Ол бұл жұмысты Италияда консерваторияда оқып жүрген кезінде бірге тұрған ерлі-зайыптылар Клементин мен Энтониға арнады. Өйткені олар Саида мен оның анасына ерекше қамқорлық көрсеткен.

2019 жылы Саида Қалықова шығармашылық қызметінің 20 жылдығын елордалық мемлекеттік филармония сахнасында кең көлемде атап өтті.

Саида өз жанкүйерлерін талантымен, кәсібилігімен шабыттандырады.