Жарияланған күні:
• жеке куәлік және паспорт (сканерленген көшірмесі);
• шетелдік ұйымнан шартсыз шақыруды растайтын құжат (қаржылық жағдайларды қоспағанда). Құжатта мыналар болуы тиіс: үміткер туралы дерек, мамандық, тағылымдама мерзімі, құны (есеп айырысудың толық жазылуы) . Құжат мемлекеттік және орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады;
• жұмыс берушінің жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға өтінімі;
• қосымшасы бар бакалавр/маман дипломының сканерленген көшірмесі. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәліктің сканерленген көшірмесі не білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
• белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың сканерленген көшірмесі;
• белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың сканерленген көшірмесі;
• шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі. еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмелері, сондай-ақ еңбек қызметінің талап етілетін кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;
• тағылымдамаға жіберуші және қабылдаушы ұйым бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы. Құжат мемлекеттік және орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.