Жарияланған күні:

TÜRKIYE BURSLARI БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ

Türkiye Burslari бағдарламасы аясында қазақстандықтарға Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бакалавриатында және магистратурасында білім алу мүмкіндігі ұсынылады. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдер стипендиялық бағдарламаның ресми сайтында онлайн қабылданады https://tbbs.turkiyeburslari.gov.tr/

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 20 ақпанға дейін.

Бағдарлама оқу, тұру, медициналық сақтандыру және т.б. шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер төлқұжат немесе жеке куәлік, алған білімін куәландыратын аттестат немесе диплом, транскрипт және т.б. құжаттарды тапсыруы тиіс. Құжаттардың толық тізімімен бағдарламаның сайтынан танысуға болады.

Ағылшын тілінде оқу үшін үміткерлер университеттің талабы бойынша тілдік сертификат ұсынуы керек (TOEFL және т.б.). Түрік тілін білмейтін стипендиаттар бір жылдық тегін түрік тілі курстарынан өтеді.

Стипендиялық бағдарлама және үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат сайтта орналастырылған https://www.turkiyeburslari.gov.tr/announcements/turkiye-scholarships-2023-applications-39