Жарияланған күні:

Тәжікстан Республикасы қазақстандықтарға 50 грант ұсынады

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2000 жылғы 13 маусымдағы келісім аясында Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу үшін 2021-2022 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша гранттар ұсынылады:

  • Бакалавриат – 40 орын;
  • Магистратура – 10 орын;

Оқу тілі – орыс тілі.

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімімен келесі сілтемелер арқылы таныса аласыз: бакалавриат, магистратура

Грант мынадай шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайынғы стипендия;
  • жатақханада тұру.

Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды, оның ішінде көлік шығындарын, грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі - 2022 жылғы 7 шілдеге дейін.

ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

  1. Нысан бойынша толтырылған сауалнама. Сауалнамаға сілтеме
  2. Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың көшірмесі (қолма-қол берген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырған көшірмелері талап етіледі).
  3. Білім туралы құжаттар. Құжаттарға қойылатын талаптармен жадынамадан таныса аласыз.
  4. Таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болған жағдайда).
  5. Шетелде оқуға жіберуге үміткердің (18 жасқа толмаған адамдардың) заңды өкілінің (ата-аналары, бала асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, баланы қабылдайтын ата-анасы, патронат тәрбиешісі) жазбаша келісімі.
  6. Келесіге тиесілік фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (бар болған жағдайда):
    • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – бала ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
    • мүгедек балалар - «Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың түпнұсқасы (салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа үміткерге қайтарылады);
    • көп балалы отбасылардан шыққан балалар - бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын барлық кәмелетке толмаған балаларға мекенжай анықтамалары (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  7. Шетелдік ЖОО-ның мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар шақыруының көшірмесі (бар болған жағдайда).
  8. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда - конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерден өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы.

Құжаттарды онлайн түрде Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қолма-қол тапсыра аласыз.

Назар аударыңыз!!! Құжаттар тапсыру бойынша толық ақпаратпен төмендегі жадынама арқылы таныса аласыз.

Құжаттарды тапсыру бойынша жадынама

ҚР азаматының сауалнамасы