Жарияланған күні:

ТӘЖІКСТАНДА ОҚУҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАРҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2000 жылғы 13 маусымдағы Білім беру саласындағы ынытымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін 2023-2024 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша грант ұсынылды:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша — 100 орын.

Оқу тілі – орыс тілі.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ай сайын стипендия.

Ескертеміз!!! Қалған шығынды, оның ішінде көлік және тұру шығындарын грант иегері өз қаражаты есебінен төлейді.

Құжаттың толық пакеті 2023 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады.

ҚҰЖАТ ПАКЕТІ:

  1. ҚР азаматының сауалнамасы (нысаны сайтта берілген);
  2. Жекебас куәліктің және/немесе паспорттың көшірмесі (қолма-қол берген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған нұсқасы талап етіледі);
  3. Алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса транскриптімен);
  4. Үміткердің тұрғылықты еліндегі ресми денсаулық сақтау органы берген шетелге оқуға баратындар үшін 072-нысандағы медициналық анықтама;
  5. Кандидаттың тұрғылықты елінің ресми денсаулық сақтау органы берген адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ - инфекциясы) және ЖИТС ауруының жоқтығы туралы медициналық анықтама;
  6. Сотталмағандығы туралы анықтама.
  7. Республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған, таңдаған оқу бағыты бойынша грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);
  8. Шетелге оқуға жіберілетін үміткердің заңды өкiлінің (ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) нотариалдық келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  9. Тиесілік фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (болған жағдайда):
    • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
    • бала жасынан мүгедектер және мүгедек балалар – «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың түпнұсқасы (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
    • көп балалы отбасынан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын кәмелетке толмаған балалардың барлығына мекенжай анықтамасы (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  10. Нотариалды куәландырылған мемлекеттік тілдегі аудармасы бар шетелдік жоғары оқу орындарының шақыруының көшірмесі** (бар болған жағдайда);
  11. Құжатты үшінші тұлға тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерден өкілге берілген нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы.

Назар аударыңыз!!! Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратты жадынамадан көре аласыз.

Ескертпе

ҚР азаматының сауалнамасы

Университеттер мен мамандықтар тізімі