Жарияланған күні:
Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде Қытай жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендия иегерлерінің тізімін бекітті.
Егер Сіз Қытайдың жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлердің негізгі тізімінде болсаңыз, онда сізге күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде оқуға шарт жасасу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет.
Шарт жасасу үшін сізге 2021 жылғы 13 тамызға дейінгі мерзімде сайттың басты бетіндегі кезекке тапсырыс беріп, өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасын алып келуіңіз қажет.
Егер Сіз шарт жасасу кезінде жеке өзіңіз қатыса алмасаңыз, онда сіз үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша үшінші тұлға шарт жасай алады. Бұл жағдайда үшінші тұлғада сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесі, сенімхаттың түпнұсқасы және жеке куәліктің түпнұсқасы болуы тиіс.
Шарт жасасу бойынша толық кеңес алу үшін 8-7172-76 90 79, 76 90 75, 24-93-77 телефондары бойынша Шарттық және наразылық-талап қою жұмысы басқармасына хабарласуға болады