Басты бет > BOLASHAQNEWS > 15 ШІЛДЕДЕ «ҚАЗТЕСТ» ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КӨШПЕЛІ СЕРТИФИКАТТАУ ТЕСТІ ӨТЕДІ

Жарияланған күні:

15 ШІЛДЕДЕ «ҚАЗТЕСТ» ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КӨШПЕЛІ СЕРТИФИКАТТАУ ТЕСТІ ӨТЕДІ

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін  АҚ «Ұлттық тестілеу орталығы»  РМҚК Алматы қаласында көшпелі сертификаттық тестілеу өткізеді.

2021 жылғы 15 шілде күні, I кезек сағат 09-30-бен –13-00 дейін, II кезек сағат 13-30-дан – 17-00-ға дейін. Мекен жай: Алматы қаласы, «Абай атындағы Казақ Ұлттық педагогикалық университеті», Қазыбек би көшесі 30, № 1 корпус, 4 қабат, 422 кабинет.

Маңызды ақпарат: тестілеуге үміткер, жеке куәлік түпнұсқасын, қаламсап, өшіргіш және «КАЗТЕСТ» тестілеуі бойынша төлем жасалған түбіртегін алып келу тиіс. Сонымен қатар, тестілеуге кешіккен үміткерлер, емтиханға кіргізілмейді.

Үміткерлер тестілеу кезінде барлық   санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы керек және өзімен бірге маска, антисептик, медициналық қолғаптары болуы тиіс.

Тестілеу өту уақыты туралы хабарлама тіркеуден өткен үміткерлердің          e-mail почталарына жіберілетін болады. Уақыт туралы хабарлама болмаған жағдайда көрсетілген телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:                     + 7 (7172) 76 90 82, эл. почта: nurmanov@bolashak.gov.kz

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ТӨЛЕМАҚЫСЫН АУДАРУҒА АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР http://kazakhtest.kz/kz/apply/rekvizity-dlya-oplaty-za-provedenie-testirovaniya-po-sisteme-kaztest.php (Қызмет ақысы – 4 841 теңге)