Жарияланған күні:
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелеріне сәйкес үміткерлер құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік тілді В1 (орташа) деңгейінен кем емес білу туралы сертификатын ұсынуы қажет.
Осыған байланысты, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын ескере отырып, Ұлттық тестілеу орталығы «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның тапсырысы бойынша Алматы, Шымкент және Атырау қалаларында көшпелі сертификаттық тестілеуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Көшпелі тестілеу әрбір өңірде кемінде 50 үміткер жиналған жағдайда ұйымдастырылатын болады. Өткізу орны (мекен-жайы мен уақыты) туралы қосымша хабарланады.
Тест тапсыруға ниет білдірушілер үшін төмендегі сілтеме бойынша сауалнаманы толтыруларыңызды сұраймыз:
Маңызды жайт: тестілеу құны 4841 теңгені құрайды және оны үміткердің өзі төлейді. Тест нәтижесі (сертификат) 7 күннен кейін беріледі.