Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Үкіметі арасындағы 2009 жылғы 15 қыркүйектегі Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Вьетнам жоғары оқу орындарында оқу үшін 2021-2022 оқу жылына бакалавриат бағдарламысы бойынша 3 грант ұсынады.
Грант келесі шығындарды өтейді:
– тегін оқу;
– курс бойы тамақтану;
– жатақханада тұру.
Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды, оның ішінде көлік шығындарын грант иегері өз қаражатынан өтейді.
Оқу тілі: вьетнам тілі
Ескерту! Вьетнам тілін меңгермеген үміткерлер Вьетнам жоғары оқу орындарында бір жылдық тілдік курсынан өте алады.
Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2021 жылғы 31 мамырға дейін.
МЕМЛЕКЕТТІК НЕМЕСЕ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ТОПТАМАСЫ:
Нысан бойынша толтырылған сауалнама.
Жеке куәліктің және/немесе паспорттың көшірмесі (қолма-қол берген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмелері талап етіледі).
Білім туралы құжаттар. Құжаттарға қойылатын талаптармен жадынамадан танысуға болады.
Таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда).
Шетелде оқуға жіберуге үміткердің (18 жасқа толмаған адамдардың) заңды өкілінің (ата-аналары, бала асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, баланы қабылдайтын ата-анасы, патронат тәрбиешісі) жазбаша келісімі.
Тиесілік фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (болған жағдайда):
– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға-баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
– мүгедек балалар– «медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың түпнұсқасы (салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа үміткерге қайтарылады);
– көп балалы отбасылардан шыққан балалар-бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын барлық кәмелетке толмаған балаларға мекенжай анықтамалары (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады)
Шетелдік ЖОО-ның мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар шақыруының көшірмесі (бар болса).
Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда-конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерден өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы.
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ТОПТАМАСЫ:
Фотосуреті бар толтырылған сауалнама (Application form (Appendix I).
Ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар мемлекеттік үлгідегі орта білім туралы аттестаттың және білім туралы құжаттардың көшірмесі.
Шетелге шығушы үшін 072/у нысанындағы медициналық анықтама (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) (медициналық тексеру өтініш берген күнге дейін алты ай ішінде жүргізілуі тиіс).
Құзыретті оқу орны берген Вьетнам тілін білетіндігін растайтын сертификат.
Оқуға және тұруға үміткерлерді қаржылық қамтамасыз ету туралы кепілдік хат (грант берілген жағдайда);
Төлқұжат көшірмесі.
Назар аударыңыз!!! Құжаттар тапсыру бойынша толық ақпаратпен төмендегі жаднама арқылы таныса аласыз.
Құжаттарды тапсыру бойынша жадынама
ҚР азаматының сауалнамасы
Application form (Appendix I)