Жарияланған күні:

ВЬЕТНАМДА ОҚУҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Үкіметі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық аясында қазақстандықтар үшін Вьетнамның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға 3 грант бөлінді.

Тегін оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар ағымдағы жылдың 20 маусымына дейін Egov электронды үкімет порталы арқылы қабылданады.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • вьетнам тілін меңгеру курстарын;
  • тегін оқуды;
  • курс бойы тамақтануды;
  • жатақханада тұруды.

Қалған шығындарды, оның ішінде көлік шығындарын грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Құжат тапсыру бойынша толығырақ ақпаратпен жадынамадан танысуға болады:

Құжаттарды тапсыру бойынша жадынама

ҚР азаматының сауалнамасы

Application form