Жарияланған күні:
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына Қуаныш Ерғалиев тағайындалды.
Қуаныш Ерғалиев білім беру саласының мемлекеттік құрылымдары мен ұйымдарындағы басшылық қызметтерде үлкен тәжірибеге ие. "Болашақ" бағдарламасының екі мәрте түлегі. 2009 жылы Тулейн университетінде (АҚШ) магистр дәрежесін алды, 2019 жылы "Болашақ" халықаралық бағдарламасы аясында Гарвардтың Т.Х.Чан атындағы қоғамдық ғылымдар мектебінде доктор дәрежесін иеленді.
Сондай-ақ Директорлар кеңесінің құрамына ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділова Ләззат, ҚР БҒМ заң департаментінің директоры Қанжебаева Ақмарал және PwC Kazakhstan аудиторлық қызметтер бөлімінің директоры Асканбай Ақбота сайланды.
Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамына Директорлар кеңесінің 5 мүшесі және 6 тәуелсіз директорлар кіреді.
Сонымен қатар Қоғам Директорлар кеңесінің мүшелері Дауленов Мирас, Буранбаев Ерекбулан, тәуелсіз директорлар Ашикбаева Динара, Токмурзина Дананың өкілеттіктері басқа жұмысқа ауысуларына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ – ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының, сондай-ақ үкіметаралық гранттардың әкімшісі.
"Болашақ" бағдарламасын іске асырудың барлық кезеңінде 11 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярланды. Түлектердің жалпы санының 54,8%-ы гуманитарлық, 36,2%-ы техникалық, 7,2%-ы Медициналық және 1,8%-ы шығармашылық мамандықтар бойынша білім алды.
Түлектер Ұлыбритания мен Ирландия (45,5%), АҚШ пен Канада (26%), Еуропа елдері (12,9%), Азия елдері (8%) және РФ (7,6%) елдерінде оқыды.