Жарияланған күні:

Ғылым күнімен!

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 20 қазандағы № 164 Жарлығымен ғылым қызметкерлері күні бекітілді. Бұл күннің осы атауға ие болуының бірден-бір себебі – Қаныш Сәтбаев. Себебі дәл бүгін қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген күн.

Ғылыми жаңалықтар, зияткерлік қызмет әрқашан да табысты дамудың негізі әрі мемлекет өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және болып қала бермек.

Халықаралық бағдарламалар орталығы өзінің ғылыми жобаларын табысты іске асыра отырып, қазақстандық және әлемдік ғылым саласының дамуына күн сайын қомақты үлес қосып келе жатқан «Болашақ» бағдарламасының түлектерін мақтан тұтады.

Осы мереке күні сіздерге жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер және табыс тілейміз!