Жарияланған күні:
Бұл мереке 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен әйелдер мен қыздардың ғылымға толық және тең қол жеткізуін және қатысуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленді. Бұл күн әйелдер мен қыздардың ғылыми-техникалық қоғамдастықта маңызды рөл атқаратынын еске салады.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Алғашқы күндерден бастап бағдарлама әлемнің жетекші зертханалары мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткен және қазірде өтіп жатқан әйел ғалымдардың назарын аударды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «500 ғалым» бағдарламасы әйелдердің ғылымдағы дамуына зор үлес қосуда, оқытылып, тағылымдамадан өткеннен кейін ғалым-әйелдер инновациялық жобалар әзірлеп, зерттеулерінде нәтижелерге қол жеткізуде.
Ең қызығы, осыдан бес күн бұрын көрнекті қазақстандық биолог Күнсұлу Закария вакцинацияның дамуына ең көп үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне енді. Сондай-ақ 2024 жылдың қаңтарында Күнсұлу Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.