Жарияланған күні:

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша елдер географиясы

Шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады.

Қазақстандық ғалымдар мемлекет есебінен тағылымдамадан өтіп, әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында бірлескен зерттеулер жүргізе алады. Олардың арасында АҚШ-тың (Columbia University, Massachusetts Institute of Technology, Apple Inc, Microsoft Corp, Google Inc), Ұлыбританияның (Kings College London, University of Oxford), Жапонияның (Tokyo Institute of Technology, Toyota Group) және т.б. елдердің университеттері мен халықаралық компаниялары бар.

Жалпы алғанда, жетекші мамандар үшін әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 400-ге жуық ЖОО, ғылыми-зерттеу орталық, ұйым көзделген.