Жарияланған күні:

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНА 10 БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4 шілдедегі Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қырғыз Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2024--2025 мамандықтарға және оқу бағдарламаларына арналған 10 білім беру грантын ұсынады:

  • техникалық бағыттағы мамандықтарға – 4 орын (бакалавриат- 2, магистратура -2);
  • медициналық бағыттағы мамандықтарға – 3 орын (специалитет/ординатура);
  • гуманитарлық экономикалық бағыттағы мамандықтарға – 3 орын (бакалавриат- 2, магистратура -1);

Оқыту тілі - орыс және қырғыз тілдері.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;

Назар аударыңыз!!! Қалған шығындарды, оның ішінде көлік шығындарын грант иегері өз қаражатынан өтейді.

Құжаттар шілде айының 1-12 аралығында қабылданады.

Өтініштер «Электрондық үкімет» порталы – eGov.kz арқылы онлайн режимінде немесе сағат 9:00-денсағат 18:30-ға (2024 ж. 12 шілдесіне дейін) дейін Астана қаласындағы ХБО кеңсесінде қабылданады.

ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:

  1. Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы.
  2. Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге арналған толтырылған сауалнама.
  3. Ағылшын немесе орын тіліндегі ағымдағы түйіндеме.
  4. Жеке куәліктің және паспорттың көшірмесі (қолма-қол берген кезде салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмелері талап етіледі).
  5. Білім туралы құжат. Құжаттарға қойылатын талаптармен жадынамада танысуға болады. Егер үміткер өтінім берген сәтте білімі туралы ресми құжатты әлі алмаған болса, онда оқып жатқан оқу орны куәландырған транскриптті ұсынуға болады.
  6. Шетелге шығатындарға арналған медициналық анықтама.
  7. АИТВ/ЖИТС жоқтығы туралы анықтама.
  8. Мотивациялық эссе ағылшын немесе орыс тілінде.
  9. Ағылшын немесе орыс тіліндегі ұсыным хат.
  10. Сотталмағандығы туралы анықтама.
  11. Отбасы құрамы туралы анықтама.
  12. Кандидаттардың жетістіктерін растайтын сертификаттар, грамоталар, дипломдар (бар болса).
  13. Таңдалған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда).
  14. Шетелде оқуға жіберуге үміткердің (18 жасқа толмаған адамдардың) заңды өкілінің (ата-аналары, бала асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, баланы қабылдайтын ата-анасы, патронат тәрбиешісі) жазбаша келісімі.
  15. Тиесілік фактісін растайтын құжаттың түпнұсқасы (болған жағдайда):
    • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
    • мүгедек балалар - «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың түпнұсқасы (салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқа үміткерге қайтарылады);
    • көп балалы отбасылардан шыққан балалар – бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын барлық кәмелетке толмаған балаларға мекенжай анықтамалары (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  16. Шетелдік ЖОО-ның мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар шақыруының көшірмесі (бар болса).
  17. Құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда, конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерден өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат түпнұсқасының болуы.

Назар аударыңыз! Құжаттар тапсыру бойынша толық ақпаратпен төмендегі жаднама арқылы таныса аласыз.

Құжаттарды тапсыру бойынша жадынама

Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге арналған сауалнама

Университеттер тізімі