Жарияланған күні:

Қырғызстан ЖОО-ларында білім алу үшін құжаттар қабылдау басталды

Бүгін үкіметаралық келісімдер аясында Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу үшін құжаттар қабылдау басталды.

Келісім шеңберінде Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 5 білім беру гранты ұсынылады:

  • бакалавриат – 3 орын;
  • магистратура – 2 орын.

Қазақстандықтар «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар», «Педагогика», «Емдік іс», «Филологиялық білім», «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша Қырғызстанның бес жетекші университеттерінде оқи алады.

Грант оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сондай-ақ ай сайын стипендия төленеді.

Оқу тілі – орыс, қырғыз.

Стипендия тағайындауға конкурстық іріктеуге қатысудың басты критерийі – негізгі орта білім туралы аттестаттың немесе куәліктің орташа баллы мен ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы орташа балын көрсететін табель/транскрипт немесе кемінде 4,0 баллы (5,0-ден) бар арнайы орта білім туралы дипломның болуы.

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі - 2022 жылғы 19 тамызға дейін. Құжаттарды Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыруға болады.

Тізім

Құжаттарды тапсыру бойынша жадынама

Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы

Қырғыз тарапы үшін сауалнама