Жарияланған күні:
Халықаралық бағдарламалар орталығы Қырғыз Республикасымен үкіметаралық гранттар бойынша жұмысты жүзеге асырып келеді. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында бүгін Қырғыз Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дүшекеевтің қатысуымен Қырғызстанда «Қазақстандық білім беру күндері» көрмесін өткізуге қатысты кездесу өтті.
Кездесуде не айтылды? Елшілік ҚР ЖОО-ның Қырғызстандағы көрмесін өткізуге және ұйымдастыруға, сондай-ақ Қырғызстан мен ҚР арасындағы басқа да бірлескен білім беру бағдарламаларын ілгерілетуге толық қолдау білдіріп, көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.