Жарияланған күні:
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы үкіметаралық келісімдер шеңберінде Қырғызстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды. Грантты тағайындау бойынша түпкілікті шешімді қырғыз жағы тәуелсіз комиссияның ұсыныстарына сүйене отырып қабылдайды.
Білім гранты оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығыстарын қамтиды, сондай-ақ ай сайын стипендия төленеді.
Үкіметаралық гранттар бойынша елдер географиясы әлемнің 7 елінен 10 еліне дейін артты. Бұған дейін Беларусия, Украина, Мажарстан, ҚХР, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен келісімге қол жеткізілді. Былтыр бұл тізім Вьетнам, Словакия және Әзірбайжанмен толықтырылды.