Жарияланған күні:
Құжат 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы арқылы қабылданады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2024-2025 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға мына бағдарламалар бойынша 155 білім грантын ұсынады:
Ескертеміз!!! Оқуда жүрген үміткерлер мектептен (колледжден, жоғары оқу орнынан) бітірушінің мәртебесі туралы оқу бітірудің жоспарланған күнін көрсете отырып, оқу бөлімімен расталған, қытай немесе ағылшын тілдеріне аудармасы бар нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсынады.
Талаптары:
Грант мына шығынды өтейді:
Ескертеміз!!! Қалған шығынды грант иегері өзі төлейді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер 2024 жылғы 29 қаңтарға дейін Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өтуге тиіс http://campuschina.org/content/details3_74776.html
Құжат 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы арқылы қабылданады.Құжатты онлайн тапсыру бойынша нұсқаулықпен мына сілтемеде https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs танысасыз немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма қол тапсырасыз.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы құжат тапсыру үшін ЭЦҚ қажет, оны қашықтан алуға болады. ЭЦҚ алу жөніндегі нұсқаулықпен онлайн режимде (қашықтан) мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp. Егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шалыңыз.
ЭЦҚ алғаннан кейін сізге Egov.kz арқылы құжат тапсыру қажет.
Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу келесі турлар арқылы жүзеге асырылады:
Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі өлшемшарттар:
Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, халықаралық шарттар/келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде балл тең болған жағдайда мына төмендегілер баллмен басымдыққа ие болады (келесі ретпен):
Іріктеу қорытындысы бойынша ұсынылған үміткерлердің тізімі қабылдаушы тарапқа жіберіледі. Құжат тапсыру бойынша толық ақпаратпен жадынамадан танысуға болады. 21-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес конкурс жеңімпазының шетелде академиялық оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасына қайта оралуы және 1 (бір) жыл мерзіммен үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделген.
Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (7172) 76-90-76 ішкі нөмірлер: 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118.
Ережемен мұқият танысуыңызды сұраймыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_ - көру үшін басыңыз
Құжат тапсыру бойынша нұсқаулық - жүктеу үшін басыңыз
ҚР азаматының сауалнамасы - жүктеу үшін басыңыз
Медициналық анықтама - жүктеу үшін басыңыз