Жарияланған күні:

Қытайда білім алу үшін ұсынылған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Комиссия шешімімен 44 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

Конкурстық іріктеуге 291 үміткер қатысты.

Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Қытай Халық Республикасының тарапынан қабылданады.

Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді аралық іріктеуді жүргізеді.

Тізімдегі фамилиялар алфавит бойынша орналасады, олардың орны олардың басымдылығын көрсетпейді және бірінші фамилия екінші немесе кез келген басқаға қарағанда маңызды немесе басымдылығын көрсетпейді.

Тізімге сілтеме