Жарияланған күні:

Қытайда оқуға үміткерлердің назарына!

Құрметті Қытай ЖОО-да оқуға үміткерлер!

Бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша конкурсқа қатысу үшін 2022 жылғы 15 ақпанға дейін мына сайтта онлайн тіркеуден өту қажет:http://campuschina.org/content/details3_74776.html

Халықаралық бағдарламалар орталығында құжаттарды қабылдау мерзімі туралы кейінірек ресми сайтта https://bolashak.gov.kz және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда хабарланады. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға құжаттардың толық пакетін қабылдау электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында кезекті броньдау арқылы қолма-қол жүзеге асырылатын болады.