Жарияланған күні:

Қытайдың үкіметаралық гранттарына үміткерлерге арналған ақпарат

Құрметті үміткерлер, қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының үкіметаралық гранттарына құжат қабылдау жүргізіліп жатыр.

Қытай Үкіметі ҚР БҒМ мен ҚХР БҒМ Келісімі аясында 2022-2023 оқу жылына 103 мемлекеттік грант, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде 15 грант және ҚХР Қытай-Қазақстан арнайы стипендиялары бойынша 40 грант бөледі.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға құжаттардың толық пакетін 2022 жылғы 18 ақпанға дейін

  • «Электрондық Үкімет» порталы https://egov.kz/.../services/higher_education/pass_203_m арқылы жолдай аласыз;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол әкелуге де болады.

Грант мынадай шығыстарды жабуды көздейді:

  • тегін оқыту;
  • бакалавриат бағдарламалары үшін ай сайынғы стипендия-2,500 CNY, магистратура-3.000 CNY, докторантура-3.500 CNY;
  • медициналық сақтандыру;
  • жатақханада тұру(немесе айына шамамен 700 -1000 CNY жалға берілетін тұрғын үй төлемі).

Біздің ресми сайттағы барлық талаптармен мұқият танысуыңызды сұраймыз: https://bolashak.gov.kz/ru/allnews/startoval-priyom-dokumentov-na-granty-knr

Маңызды! Өтінімді жіберген кезде «AgencyNumber:3981» және «ProgramCategory: TypeA» тексеріңіз.