Жарияланған күні:

ҚЫТАЙДЫҢ ШЫҢЖАҢ-ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫҚ АУДАНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА 50 ОҚУ ГРАНТЫН ҰСЫНДЫ. ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ.

2024 жылы Қытайдың Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданының Үкіметі Қазақстан азаматтары үшін арнайы білім (колледж), бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 50 стипендиялық орын ұсынды.

Ағымдағы жылдың 30 мамыры мен 19 маусымы аралығында конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау жалғасты.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін үміткерлер тізімі қабылдаушы тарапына жіберілді.

Стипендияны тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешімді Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үкіметі қабылдайды!