Жарияланған күні:
2025-2026 академиялық оқу жылына 44 қазақстандық грант иегері атанды және Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға қабылданды, оның ішінде білім беру саласындағы халықаралық келісім шеңберінде - 35 адам, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының стипендиясы шеңберінде - 9 адам.
Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.
Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы үміткерлерге стипендия тағайындау туралы соңғы шешімді қабылдайды.
Егер сіз оқуға қабылданған стипендиаттардың тізімінде болсаңыз, онда күнтізбелік 60 (алпыс) күннің ішінде оқуға арналған шартты жасасу үшін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ жүгінуіңіз қажет.
Шарт жасасу бойынша толық консультация алу үшін Нормативтік құқықтық және шарттық қамтамасыз ету басқармасына мына байланыс нөмірлері арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-76 90 79 (ішкі.181).