Жарияланған күні:

ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОҚИТЫН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Әзербайжан Республикасының Үкіметі 2017 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзірбайжан Республикасы Білім министрлігінің Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімі шеңберінде Әзірбайжан ЖОО-да оқитын үміткерлер тізімін бекітті.

Тізім бойынша бакалавриат бағдарламасына 4 үміткер және магистратура бағдарламасына 4 үміткер кірді.

Грант мынадай шығындарды жабуды көздейді:

  • тегін оқыту;
  • ай сайынғы стипендия;
  • жатақханада тұру;
  • медициналық сақтандыру.

Барлық үміткер 60 күнтізбелік күн ішінде оқуға шарт жасасу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға жүгінуі керек. Ол үшін 2021 жылғы 10 тамызға дейін https://bolashak.gov.kz/ru сайтының басты бетіндегі электрондық кезекті брондауы керек. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасын ала келіңіз.

Егер сіз шарт жасасу кезінде өзіңіз келе алмасаңыз, онда сіз үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша үшінші тұлға шарт жасай алады. Бұл жағдайда үшінші тұлғада сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесі, сенімхаттың түпнұсқасы және жеке куәліктің түпнұсқасы болуы тиіс.

Келісім-шарт жасасу бойынша толық кеңес алу үшін келісім-шарт және талап-арыз жұмысы басқармасына тел. арқылы хабарласа аласыз. 8-7172-76 90 79, 76 90 75, 24-93-77.

Номинанттар тізімі