Жарияланған күні:

ЖҮРЕК ҚҰТҚАРУШЫ: «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ПАВЛОДАР АУРУХАНАСЫНДА КҮРДЕЛІ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЙДЫ

Мұрат Райханов Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Үздік кардиохирург болу оңай емес. Мұрат Ресей үздіксіз кәсіптік білім беру медициналық академиясының резидентурасын «Кардиохирургия» мамандығы бойынша тәмәмдады.

«Болашақ» түлегі ашық жүрекке бірегей және жоғары технологиялық әдіспен оталар жасайды. Ол мыңдаған адамның өмірін құтқарып алды. Адамды ажалдан құтқару үшін оған отаны шұғыл көмекті қажет ететін жағдайларда да жасауға тура келеді.

«Клиникалық өлімге ұшыраған жүкті әйелге операция жасауға тура келді. Жасанды қан айналымын қосып, операцияны бірден бастадық. Бұл көп балалы ананы өмірге қайта әкелуге көмектесті», - деп еске алады Мұрат.

Мұрат жүрекке инновациялық шағын инвазивті оталар да жасайды. Бұған дейін олар тек елордалық кардиохирургия орталығында жүргізілетін. Замануи әдістің бірқатар артықшылығы бар: операциядан кейінгі аз ауырсыну және тез жазылу.

«Біздің орталықта осы әдіспен онға жуық қана операция жасалған. Олардың барлығы ойдағыдай өтті. Мұндай операция биыл алғаш рет жасалды. Айта кету керек, операция бейне көмекшісін қолданумен орындалды. Бұл арнайы қондырғы, бейне эндоскоп. Мұндай ота шағын ғана тесіктер арқылы жасалады»,- дейді Мұрат Райханов.

Денсаулық сақтау саласы үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде 800-ден астам маман даярланды, олардың көбі – тәжірибеші дәрігерлер. 30 жыл ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 12 мыңнан астам қазақстандық маман даярланды. Халықаралық бағдарлама түлектері түрлі салаларда еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестерін қосып келеді.