Жарияланған күні:

ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОҚУҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ

Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен ғылым және білім министрлігі Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің азаматтары үшін 2025-2026 оқу жылына арналған Гейдар Әлиев атындағы халықаралық білім гранттарының бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Оқу деңгейлері:
Бағдарлама іріктелген үміткерлерге Әзербайжанның жетекші университеттерінде келесі бағыттар бойынша оқуға мүмкіндік береді:

  • дайындық курстары,
  • бакалавриат,
  • магистратура,
  • докторантура,
  • жалпы медицина,
  • медициналық резидентура.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Толтырылған номинация нысаны (өтінім берудің бірінші кезеңі үшін);
  2. Алдыңғы оқу орындарынан (мектеп немесе ЖОО) дипломдар мен транскриптердің көшірмелері; алдыңғы дәреже бойынша академиялық үлгерім (GPA) (жалпы орта білім, бакалавриат, жалпы медицина, магистратура, медициналық резидентура) 70-тен төмен болмауы тиіс (0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша), немесе (0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша) 7-ден төмен емес, немесе баламасы;
  3. АИТВ/ЖИТС, В және С гепатитіне тесттерді қоса алғанда, медициналық анықтаманың көшірмесі;
  4. Кандидаттың жеке басын растайтын қолданыстағы паспорттың көшірмесі;
  5. Түйіндеме (CV);
  6. Оқыту тілін білу:
    • Ағылшын тілінде оқыту үшін мыналарды қамтамасыз ету қажет:
    • бакалавриат дәрежесі - ең аз IELTS 5 немесе TOEFL 40;
    • магистратура - ең аз IELTS 5.5 немесе TOEFL 50.
    • немесе алдыңғы білім деңгейі ағылшын тілінде болуы керек.

Грант келесі шығындарды жабады:

  1. Оқу ақысы;
  2. Әуе саяхаты;
  3. Ай сайынғы стипендия;
  4. Медициналық сақтандыру;
  5. Виза және тіркеу.

Өтінімдерді беру тәртібі:
Ресми номинация үшін келесі құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-на info@bolashak.gov.kz электрондық поштасы арқылы жолдау қажет:

  1. Nomination form;
  2. ⁠Паспорттың көшірмесі.

Бірінші кезеңге құжат тапсырудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 10 мамыр.

Егер үміткерді Мемлекеттік орган ресми түрде ұсынса, ол екінші кезеңге — Әзірбайжанда оқуға арналған орталық өтінім қабылдау қызметі (SIACAS) 2025 жылғы 1-15 маусым аралығында portal.edu.az арқылы өтініш бере алады.

Маңызды! Хабарландыруда көрсетілмеген өзге де шығыстарды грант иегері дербес жабады.

Call for "Heydar Aliyev international education grant program" 2025-2026 academic year

Nomination form