Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2017 жылғы 3 сәуірдегі білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Әзербайжан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2021-2022 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 10 оқу грантын ұсынады:
Оқу әзербайжан, орыс немесе ағылшын тілдерінде. Оқыту тілі немесе мамандығы бойынша тиісті білімі бар студенттер үшін дайындық жұмыстары ұйымдастырылады. Курстардың ұзақтығы - 6 айдан бір жылға дейін, ол жоғары оқу орны тарапынан анықталады. «Магистартура» бағдарламасында оқу үшін таңдалған мамандық «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқыған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.
Ағылшын тілінде білім алу үшін сізде кемінде: «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.0; TOEFL 120-дан 40; «Магистратура» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-ден 5.5 TOEFL 120-дан 50 деңгейі бар жарамды сертификат болуы қажет. Үміткерлер өз қалауы бойынша 3 университет және мамандық таңдай алады.
Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Грантта келесі шығындарды өтеледі: • тегін оқу; • ай сайынғы стипендия; • жатақханада тұру; • медициналық сақтандыру.
Ескерту!!! Басқа шығындарды, оның ішінде жолақы шығындарын, грант иесі өзі өтейді.
Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі 2022 жылғы 4 сәуірден 15 сәуірге дейін.Құжаттарды қабылдау «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тек қолма-қол тапсырылады.
Білім беру саласындағы келісімдер шеңберінде шетелге оқуға үміткерлерді іріктеу дербес әңгімелесу жолымен жүзеге асырылады. Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; бала кезінен мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар; көпбалалы отбасынан шыққан балалар; шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие. Қорытынды іріктеуді қабылдаушы тарап өткізеді.