Жарияланған күні:

Әзірбайжанда оқуға ұсынылған үміткерлердің тізімі жарияланды

ӘЗІРБАЙЖАНДА ОҚУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

2022 жылғы 20 сәуірде үкіметаралық гранттар аясында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі қорытынды конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан тарапынан Әзірбайжанда оқуға 9 адам ұсынылды. Сондай-ақ 2 адам резервтік тізімге енгізілді.

Қорытынды комиссия келесі үш критерийді бағалау қорытындысы бойынша негізгі және резервтік тізімге ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді енгізді: шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға. Айта кетейік, қабылдаушы тарап білім беру гранттарын беру туралы соңғы шешімді қабылдайды.

Әзірбайжан үкіметі 2022-2023 оқу жылына Қазақстан азаматтары үшін 10 білім грантын ұсынады:

  • Бакалавриат бағдарламасы бойынша 5 грант;
  • Магистратура бағдарламасы бойынша 5 грант.

Ұсынылған үміткерлердің тізімі