Қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 қазандағы №791 қаулысымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу - көру үшін басыңыз және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын іске асыру мақсатында.
Ғылыми тағылымдамадан өту шеңберінде мына шығыстарды қаржыландыру көзделеді:
- визаны ресімдеу және ұзарту (консулдық алым);
- қабылдаушы елдің уәкілетті органы мен оқу орнында тіркелу;
- міндетті медициналық тексеру;
- медициналық сақтандыру;
- тұратын жерінен тағылымдама өтетін жеріне дейін жол жүру;
- оқу әдебиетін сатып алу;
- тағылымдама құнын төлеу;
- тамақтану, тұру шығыстарына арналған ай сайынғы стипендия.
Ғылыми тағылымдамадан өтетін адамдар үшін бекітілген және сайтта жарияланған өтініш нысанын толтыру қажет.
- Шот картасы бойынша мәлімет
- Үшінші тұлғаның төлемді растау бойынша өтініш нысаны
- Стипендия мөлшері туралы анықтама беру бойынша өтініш нысаны
- Шығыстарды өтеуге арналған өтініш нысаны
- Аванс алу бойынша өтініш нысаны
- Елдер бойынша тұру, тамақтану және оқу әдебиетін сатып алу бойыша шығыс нормалары (ай сайынғы стипендия мөлшері).
Стипендия алушыларға аванстық төлемдер бойынша нұсқаулық