Көпеева Анар Қабдилғазезқызы
Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы
Байланыс:
+7 7172 76 90 76 (ішкі 142)
kupeyeva@bolashak.gov.kz
1980 жылы туған. 2002 жылы «Астық және ұн технологиясы» мамандығы бойынша С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірді. 2016 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады. 2005-2009 жылдар аралығында «МГТ-Астана» ЖШС құрылыс компаниясында сату бойынша аға менеджер лауазымында жұмыс атқарды. Компания Астана, Қарағанды және Көкшетау қалаларында тұрғын үйлер мен коммерциялық жылжымайтын мүлік салуға маманданған. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр жылдары Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасында, Зерттеулер және стратегиялық даму басқармасында бас менеджер қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі Комиссияның хатшысы болды. Қазіргі уақытта Түлектермен жұмыс жүргізу жөніндегі басқарманың басшысы болып табылады.