КАМЗЕБАЕВ ЕРЛАН ЖАНАТҰЛЫ
Қызметті қамтамасыз ету басқармасының басшысы
Байланыс:
+7 7172 76 90 76 (ішкі 240)
kamzebaev@bolashak.gov.kz
1977 жылы туған. 1999 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің механика факультетін «Көтеру-тасымалдау, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ-да «Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2000 жылы «Агросектор Ардагер» ЖШС бас директорының қайта өңдеу және жабдықтау жөніндегі орынбасары лауазымында бастады.
2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да еңбек қызметін жалғастырып келеді, онда Қызметті қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымын атқарады.