ЖАПАКОВ ІЛИЯС АСЫЛБЕКҰЛЫ
Нормативтік құқықтық және шарттық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
Байланыс:
+7 7172 76 90 76 (ішкі 170)
zhapakov@bolashak.gov.kz
2011 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша оқу бітірген. 2016 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Юриспруденция» мамандығы бойынша білімін аяқтады. 2023 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі: Әр жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде лаборант, «ҚазҒарышЭнерго» ЖШС логистика жөніндегі маман болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап 2024 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінде (бұрынғы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі) түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2024 жылғы 29 қарашадан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Нормативтік құқықтық және шарттық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.