Ғылыми тағылымдамалар

Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар

1) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы;

2) заңды тұлға болып табылатын аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде ғылыми зерттеу бойынша таңдаған мамандану саласында соңғы 12 (он екі) ай үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы;

3) жүргізілетін ғылыми зерттеуге сәйкес ғылыми тағылымдамаға үміткерді қабылдайтын, Тізімге кіретін шетелдік ұйымның шартсыз шақыруының болуы;

4) жұмыс органы белгілеген талаптарға сәйкес деңгейде мемлекеттік және шет тілдерін білуі; - жүктеу үшін басыңыз

5) Web of Science (Веб оф сайнс), Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында индекстелетін кемінде бір мақаласы немесе шолуы немесе "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) (бұдан әрі - бұйрық) бекітілген Ғылыми басылымдар тізбесінің 1-тізіміне немесе 2-тізіміне енгізілген отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақаласы және (немесе) Derwent Innovations Index (Дервент иновейшн индекс) халықаралық өтінімі бар;

Scopus (Скопус) және (немесе) Web of Science (Веб оф сайнс) дерекқорларында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдың индекстелуі бұзушылыққа байланысты тоқтаған кезде үміткердің осы журналдағы барлық мақалалары ескерілмейді;

6) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының талаптарын ескере отырып, ғылыми зерттеудің таңдалған бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтудің және кейіннен еңбекпен өтеудің жиынтық мерзімдері бар ғылыми қызметкер болып табылады.