Құжаттарды тапсыру ережелі

Құрметті үміткер

Төменде құжаттарды тапсыру ережелері мен талаптарымен таныса аласыз.

Магистр дәрежесін алуға үміткерлер
  • ұсынылатын жоғары оқу орындары тізіміне енгізілген шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыртудың болуы (қаржылық шарттарды қоспағанда);
  • нәтижесі В1 деңгейінен кем емес ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq Resmi Test бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы.
Резидентурада оқуға үміткерлер

Магистр дәрежесін алуға ауылдық елдiмекеннен шыққан үміткерлер
  • Қазақстан Республикасының ауылдық елдімекенінде соңғы 2 (екі) жылда тұрғылықты тіркелген болу және еңбек қызметін жүзеге асыру;
  • бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы кемінде GPA 3.00 (4.00/4.33-тен) не 5.00-тен 4.00 балына сәйкес болуы тиіс;
  • нәтижесі В1 деңгейінен кем емес ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq Resmi Test бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілін білу; - көру үшін басыңыз
  • бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығы мәндес мамандықтар тізбесіне сәйкес болу.
Магистр дәрежесін алуға инженерлік-техникалық қызметкері
  • құжат тапсыру сәтінде өндірістік процесті (өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, өңдеуді/қайта өңдеуді) ұйымдастыратын әрі басшылық жасайтын, техникалық жоғары білімі, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білімі болуы, сондай-ақ техникалық бағыттағы мамандықтар бойынша оқу үшін таңдаған мамандану саласында кемінде 1 (бір) жыл жалпы өтілі бар, ұйымда өндірістік қызметті тікелей жүзеге асыратын;
  • бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығы мәндес мамандықтар тізбесіне сәйкес келуі;
  • бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы кемінде GPA 3.00 (4.00/4.33-тен) не 5.00-тен 4.00 балына сәйкес болуы тиіс;
  • нәтижесі В1 деңгейінен кем емес ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq Resmi Test бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілін білу. - көру үшін басыңыз
Магистр дәрежесін алуға медицина қызметкерлері
  • құжат тапсыру кезеңінде еңбек қызметін жүзеге асыру және медициналық ұйымдарда тікелей медициналық көмек қызметін атқару және жоғары медициналық білімінің және жалпы медициналық өтілі кемінде 1 (бір) жыл бол болуы;
  • бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығы мәндес мамандықтар тізбесіне сәйкес келуі;
  • бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы кемінде GPA 3.00 (4.00/4.33-тен) не 5.00-тен 4.00 балына сәйкес болуы тиіс;
  • нәтижесі В1 деңгейінен кем емес ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq Resmi Test бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілін білу. - көру үшін басыңыз
Магистр дәрежесін алуға мемлекеттік қызметшілер
  • конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжат тапсыру сәтінде жіберуші мемлекеттік органда соңғы 12 (он екі) айды қоса алғанда, мемлекеттік қызметте кемінде 3 (үш) жыл жалпы жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілер (мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда) болуы;
  • бакалавр/маман дипломы бойынша мамандығы мәндес мамандықтар тізбесіне сәйкес келуі;
  • бакалавр немесе маман дипломының қосымшасы бойынша орташа балы кемінде GPA 3.00 (4.00/4.33-тен) не 5.00-тен 4.00 балына сәйкес болуы тиіс;
  • нәтижесі В1 деңгейінен кем емес ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq Resmi Test бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілін білу. - көру үшін басыңыз
Доктор дәрежесін алуға үміткерлер
  • ұсынылатын жоғары оқу орындары тізіміне енгізілген шетелдік жоғары оқу орнынан шартсыз шақыртудың болуы (қаржылық шарттарды қоспағанда);
  • нәтижесі В1 деңгейінен кем емес ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq Resmi Test бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы.
Тағылымдамадан өтуге үміткерлер

Инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері, жасанды интеллект бойынша мамандар;

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері;

Медицина қызметкерлері;

Мемлекеттік қызметшілер;

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;

Мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;

Судьялар және сот қызметкерлері.

  • тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымнан шартсыз шақыртудың болуы;
  • жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында үзіліссіз соңғы 12 (он екі) ай жұмыс өтілінің болуы;
  • нәтижесі В1 деңгейінен кем емес ҚАЗТЕСТ немесе Qazaq Resmi Test бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың болуы;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілін білу. - көру үшін басыңыз
Қатысу ережерелері
Қатысу ережерелері

Конкурстық іріктеу 3 (үш) турдан тұрады.

Конкурстық іріктеудің I-ші туры — кешенді тестілеу

Бұл кезеңде үміткерлер мыналарды өтеді:

  • қысқа мерзімде жаңа ақпаратты талдау қабілетінің деңгейін анықтауға бағытталған вербалдық және сандық ақпаратты талдауға арналған тестілер;
  • үміткердің жеке-іскерлік қасиеттері және үміткердің шетелде оқуға психологиялық дайындығы туралы ақпаратты құрылымдық түрде жинауға мүмкіндік беретін жеке сауалнама. Тиімді қарым-қатынас жасауға және қиындықтармен эмоциялық жағынан күресе отырып, жаңа ортаға бейімделуге, шешім қабылдауға және ойына алған мақсатын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттерді көрсететін әлеует қалыптастыру.
Болжамды сұрақтар:
  1. Сандық тест - көру үшін басыңыз
  2. Ауызша тест - көру үшін басыңыз
  3. Жеке сауалнама - көру үшін басыңыз

Тестілеудің алдында уақыт мөлшері белгіленбеген мысал сұрақтарға жауап беруге мүмкіндігіңіз болады. Тест тапсыру кезінде үзіліс жасауға тыйым салынады. Сіз осы тесттердің арасында үзіліс жасауды жоспарлай аласыз, бірақ тестті тапсырып жатқанда үзуге болмайды.

Кешенді тестілеуді сандық немесе вербалдық тесттерді тапсырудан бастауды ұсынамыз, өйткені оларға көбірек уақыт пен назар аудару қажет.

Сіз стандартты калькуляторды, қаламсап пен қағазды қолдана аласыз. Смартфондарда, гаджеттерде және басқа байланыс құрылғыларында орнатылған калькуляторды қолдануға тыйым салынады. Тестілеуден қайталап өтуге болмайды.

МАҢЫЗДЫ!

  • Кешенді тестілеу келесі турға өтуге рұқсат берілетін іріктеу туры. Бірінші турда жұмыс органы белгілеген шекті балды жинай алмаған үміткер екінші турға қатысуға жіберілмейді.
  • Кешенді тестілеуде аудио және бейнежазба жүргізіледі;
  • Тестілеуге дейін компьютеріңіздің тұрақты жұмыс істейтініне, интернет қосылымының тұрақтылығына және камера мен микрофонның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
  • Браузер (сайт) терезесі жабылып қалған жағдайда, іріктеу кезеңінің нәтижелері автоматты түрде жойылады;
  • Сайт қойындылары жабылып қалған жағдайда, іріктеу кезеңінің нәтижелері автоматты түрде жойылады, сайт қойындылары ашық болуы тиіс;
  • Тест түрлерінің бірінен өту басталған жағдайда, Сізге тестті соңына дейін тапсыру қажет. Олай болмаған жағдайда іріктеу кезеңінің нәтижелері автоматты түрде жойылады.

Конкурстық іріктеудің II туры – Тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК) мүшелерімен анонимді жеке сұхбаттасу.

Екінші турды әкімші ТСК мүшелерімен бірге ұйымдастырады және өткізеді. Мұнда үміткердің кәсіби дайындық деңгейі, теориялық білімі мен таңдаған мамандану саласындағы кәсіби құзыретінің болуы айқындалады. ТСК мүшелері үміткердің уәждемелік хатында ұсынылған ақпаратты ескере отырып, әрбір үміткер туралы ұсыным береді.

Әңгімелесу күні Сізді не күтіп тұр?

Бұл блоктың сұрақтарына дайындалуға болады. Дайындық Сізге ТСК мүшелеріне өз біліміңізді, дағдыларыңызды, іскерліктеріңізді және қабілеттеріңізді тиімді көрсетуге көмектеседі.

Жоспарланған оқу бағдарламасы, шетелдік жоғары оқу орны және оқу елі бойынша сұрақтарға жеңілдік санаттары бойынша қатысатын үміткерлер де мұқият дайындалуы МАҢЫЗДЫ.

Әңгімелесу барысында ұсынылған оқу бағдарламасын оқып-үйренгеніңіз Сіздің білім беру мәселесіне шынайы кіріскеніңізді көрсетеді.

Өзіңіз оқуға түскелі жатқан оқу елі туралы ақпаратты көбірек жинаңыз. Шетелдік жоғары оқу орындарының ресми сайттарында оқу елі, үміткерге қойылатын талаптар туралы бүкіл ақпарат болады, сонымен қатар таңдаған факультет/мектебіңіздің ғылыми-оқытушылық құрамы туралы да ақпарат болуы мүмкін. Жоғары оқу орындарының академиялық, пәндік немесе өңірлік бағыттар бойынша халықаралық рейтінгімен танысқаныңыз артық болмас.

Сіздің берген жауаптарыңыз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болуға лайықты екеніңізді ТСК мүшелерін сендіруге тиіс.

Конкурстық іріктеудің III туры – Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы.

Жұмыс органы үміткерлердің материалдарын үшінші турға енгізеді, онда олар шетелде кадрларды даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның қарауына ұсынылады. Бұл қарау кешенді тестілеу нәтижелерін, Тәуелсіз сараптамалық комиссияның (ТСК) ұсынымдарын, сондай-ақ жұмыс органы бекіткен конкурстық іріктеудің саралау кестесіне сәйкес жүргізілген саралауды қамтиды.

Үшінші тур барысында Республикалық комиссия бірінші және екінші турлардың нәтижелерін қарастырып, «Болашақ» стипендиясын тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды. Үміткерлер шешім туралы мәжіліс хаттамасына қол қойылғаннан кейін әкімшінің ресми интернет-ресурсында ақпарат жариялау арқылы хабардар етіледі.

Сәттілік серік болсын!!!

Құжаттарды қалай тапсыруға болады?

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау «электрондық үкіметтің» www.egov.kz - көру үшін басыңыз веб-порталы арқылы онлайн форматта жүзеге асырылады.

Толық ақпарат алу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/184pass_mon - көру үшін басыңыз

Құжаттарды тапсырудың 5 қарапайым қадамы

1 қадам

Талаптарға сәйкес келу

2 қадам

Құжаттар пакетін жинау

3 қадам

Құжаттарды көрсетілген мерзімде электрондық үкімет порталы арқылы тапсыру

5 қадам

Стипендиатқа не оның сенім білдірілген тұлғасына стипендия тағайындалғаннан кейін стипендия тағайындалған күннен бастап 90 күнтізбелік күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ заң қызметі департаментіне жүгіну және оқытуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепілдік шартын жасасу қажет. Шарттар мерзімінде жасалмаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады.

4 қадам

Конкурстық іріктеудің 3 кезеңі:

1 кезең – кешенді тестілеу;

2 кезең – тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу;

3 кезең – шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы

Шетелдік жоғары оқу орнына түсу бойынша ұсыныстар
Қажетті құжаттар
Магистр дәрежесін алуға үміткерлер
  • жеке куәлік және төлқұжат;
  • жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енген жоғары оқу орнынан академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжат (қаржылық шарттарды қоспағанда). Құжатта мыналар болуға тиіс: үміткер туралы дерек, мамандық, оқу мерзімі, оқу ақысының құны. Құжат қазақ немесе орыс тілінде нотариус куәландырған аудармасымен ұсынылады;
  • тізімге енген жетекші шетелдік жоғары оқу орны, сондай-ақ академиялық оқудың барлық кезеңі үшін академиялық оқу ақысының төлемін қамтитын шығыстары толық жабылған өзге де шетелдік және/немесе қазақстандық ұйымдар ұсынатын, қазақ немесе орыс тілінде нотариус растаған аудармаларымен бірге үміткердің өтеусіз негізде академиялық оқуға қабылданғанын растайтын құжат, бар болса;;
  • қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік немесе білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтама;
  • уәждемелік хат – қазақ немесе орыс тілінде көлемі 500 сөзден аспайтын, еркін нысанда жазылған эссе, онда үміткер таңдаған жоғары оқу орнын және оның осы саладағы артықшылықтарын, осы стипендияны алуының қажет екенін және таңдаған бағыт бойынша алған білімінен күтетін нәтижені және оны кейіннен практикада қолдануын негіздейді. Уәждемелік хаттың соңында толтырылған күні мен жеке қол міндетті түрде қойылуы керек;
  • шетелдік жоғары оқу орны берген оқу үлгерімі туралы ресми құжат немесе мамандығы, курсы (оқу жылы), бағалау жүйесі туралы ақпарат, ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтама. Құжат/анықтама қазақ немесе орыс тілінде нотариус куәландырған аудармасымен ұсынылады (тек жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер үшін).
Резидентурада оқуға үміткерлер
  • жеке куәлік және төлқұжат;
  • жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енген жоғары оқу орнынан академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжат (қаржылық шарттарды қоспағанда). Құжатта мыналар болуға тиіс: үміткер туралы дерек, мамандық, оқу мерзімі, оқу ақысының құны. Құжат қазақ немесе орыс тілінде нотариус куәландырған аудармасымен ұсынылады;
  • тізімге енген жетекші шетелдік жоғары оқу орны, сондай-ақ академиялық оқудың барлық кезеңі үшін академиялық оқу ақысының төлемін қамтитын шығыстары толық жабылған өзге де шетелдік және/немесе қазақстандық ұйымдар ұсынатын, қазақ немесе орыс тілінде нотариус растаған аудармаларымен бірге үміткердің өтеусіз негізде академиялық оқуға қабылданғанын растайтын құжат, бар болса;;
  • қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік немесе білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;
  • шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтама;
  • шетелдік жоғары оқу орны берген оқу үлгерімі туралы ресми құжат немесе мамандығы, курсы (оқу жылы), бағалау жүйесі туралы ақпарат, ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтама. Құжат/анықтама қазақ немесе орыс тілінде нотариус куәландырған аудармасымен ұсынылады (тек жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер үшін).
Ауылдық елдi мекеннен шыққан үміткерлер
Магистр дәрежесін алуға инженерлік-техникалық қызметкері
Магистр дәрежесін алуға медицина қызметкерлері
Магистр дәрежесін алуға мемлекеттік қызметшілер
Доктор дәрежесін алуға үміткерлер
  • жеке куәлік және төлқұжат;
  • жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енген жоғары оқу орнынан академиялық оқуға шартсыз қабылданғанын растайтын құжат (қаржылық шарттарды қоспағанда). Құжатта мыналар болуға тиіс: үміткер туралы дерек, мамандық, оқу мерзімі, оқу ақысының құны. Құжат қазақ немесе орыс тілінде нотариус куәландырған аудармасымен ұсынылады;
  • тізімге енген жетекші шетелдік жоғары оқу орны, сондай-ақ академиялық оқудың барлық кезеңі үшін академиялық оқу ақысының төлемін қамтитын шығыстары толық жабылған өзге де шетелдік және/немесе қазақстандық ұйымдар ұсынатын, қазақ немесе орыс тілінде нотариус растаған аудармаларымен бірге үміткердің өтеусіз негізде академиялық оқуға қабылданғанын растайтын құжат, бар болса;;
  • қосымшасы бар бакалавр/маман дипломы. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік немесе білім туралы құжатты тану туралы өзге де құжат;
  • белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес нәтижесі бар қазақ тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат; - көру үшін басыңыз
  • шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтама;
  • тізімге енгізілген жетекші шетелдік жоғары оқу орны келіскен және қазақ немесе орыс тілінде нотариус куәландырған аудармасы бар доктор дәрежесін алу үшін осы шетелдік жоғары оқу орны белгілеген мерзімнен аспайтын жеке оқу жоспары;
  • шетелдік жоғары оқу орны берген оқу үлгерімі туралы ресми құжат немесе мамандығы, курсы (оқу жылы), бағалау жүйесі туралы ақпарат, ағымдағы үлгерімінің орташа балы көрсетілген белгіленген үлгідегі анықтама. Құжат/анықтама қазақ немесе орыс тілінде нотариус куәландырған аудармасымен ұсынылады (тек жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын үміткерлер үшін).
Тағылымдамадан өтуге үміткерлер
Қаржылық шығындар

Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиеттерін сатып алуға арналған ай сайынғы стипендияның мөлшері "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 Бұйрығымен бекітілген

бекітілген күні - 14.06.2021

«Болашак» халықаралық стипендиясының мөлшерін анықтауға арналған шығын мөлшерлемелері

Стипендиялардың үлестірілуі