Артқа қайту

Еркінбаев Қайсар Қайратұлы

Заместитель Председателя Правления

1991 жылы Абай облысында дүниеге келген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. АҚШ-тың Бостон университетінде (Boston University)«Жобалық басқару (Project Management)» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасындағы Цзянси қаржы және экономика университетінде (JUFE) «Халықаралық бизнес (International Business)» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Бұған дейін Қазақ қаржы-экономикалық академиясының «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын тәмамдаған.

Ол жастар саясатын дамыту, партия құрылымдарында жұмыс істеу, жоғары білім беру саласында, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және стартап экожүйесін қолдау бағыттарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Халықаралық ынтымақтастық саласында елеулі тәжірибе жинақтаған. Өз қызметі барысында мемлекеттік органдармен, жетекші жоғары оқу орындарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырған.