Басты бет > БАСҚАРМА ҚҰРАМЫ > Фахрутдинова Аймгуль Талгатовна
Артқа қайту

Фахрутдинова Аймгуль Талгатовна

Басқарма төрағасының орынбасары

1982 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген, Қарағанды облысының тумасы.

«Қаржы және несие» мамандығы бойынша жоғары экономикалық білім иегері (1999-2004 жж. Қарағанды қаласы «Болашақ» университетін бітірген), ДипФР халықаралық диплом иегері (2014 ж.), халықаралық CIMA сертификатының иегері (2018 ж. – P1 және P2 деңгейі). Квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы жалпы жұмыс өтілі 20 жыл, онда ұйымдардың қаржылық қызметінің процестерін реттейтін нормативтік құжаттамаларды әзірлеуге қатысқан, жоспарлау және болжау, бюджеттің атқарылуын бақылау және талдау, қаржылық-экономикалық бас және еншілес ұйымдарды талдау, бухгалтерлік есеп пен есеп беру, толық есепке алу мен төлемдерді өңдеуді қамтамасыз ету, басқару және басқа есептерді қалыптастыру нысанындағы қызметтермен айналысқан.

Еңбек қызметі: «Ақ жол» ҚДП ҚБ (Жезқазған қаласындағы филиалы 2002-2004 жж.), «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (Қарағанды қаласындағы филиалы 2004-2007 ж.ж.), «ҚазАгроИнновация» АҚ (Астана қаласындағы орталық кеңсесі 2007 – 2010 ж.ж.), АҚ «Астана-Финанс» Лизингтік компаниясы» АҚ (Астана 2010-2017 жж.), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (Астана қаласының орталық аппараты 2017-2023 жж.).

Тұрмыста, бір бала тәрбиелеп отыр.