Артқа қайту

Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары - Директорлар кеңесінің мүшесі

1973 жылы 19 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1995 жылдан бастап 2010 жылдарға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде әр түрлі лауазымда қызмет еткен.

2014 жылдан бастап 2020 жылдарға дейін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-да әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған.

2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс жасаған.

2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

2001 ж.-«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2016 ж.-«Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2020 ж.-«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2021 ж.-«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

2021 ж.-«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылғанына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2023 ж.-Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды.