Оспанова Әлия Қалқаманқызы
Директорлар кеңесінің мүшесі
1987 жылы 15 тамызда Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің, Империялық колледжінің (Ұлыбритания) және Quantic бизнес мектебінің (АҚШ) түлегі. 10 жылдан астам халықаралық ұйымдарда (Microsoft, Microsofticsson, RELX Group (Elsevier), сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды, одан бөлек ТМД елдерінде білім мен ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысты. Өзбекстан Республикасының «Илм-фан 2020» ғылым мен білім беруді трансформациялау жөніндегі бағдарламасының, «Жоғары білім беру жүйесін дамыту туралы Тұжырымдаманың», орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріндегі университеттердің рейтингтерін жақсарту және білім беруді жетілдіру жөніндегі бірқатар үкіметтік бағдарламалардың авторы болып табылады.
Білім және ғылым саласындағы халықаралық сарапшы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр