Басты бет > СОВЕТ ДИРЕКТОРОВ > Қожахмет Қанат Темірғалыұлы
Артқа қайту

Қожахмет Қанат Темірғалыұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Қанат Темірғалыұлы Қожахмет Сүлеймен Демирел атындағы университетте бакалавр, Қазақстан-Британ университетінде магистратура бітірген. 2014 жылы Информатика, есептеуіш техникасы және басқару бағыты бойынша PhD дәрежесін алды.

Қазіргі таңда Қанат Темірғалыұлы Қожахмет Нархоз Университетінде Провост және академиялық әрі ғылыми бағыттарды басқарады. Бұрын OpenU-да ( Ашық Университет), Астана ІТ Университетінде, Сүлеймен Демирел атындағы университетте ректор лауазымын атқарған. WEB технологияларды, ақпараттық қауіпсіздікті оқытуда, жасанды интеллект жүйесін және т.б. әзірлеуде 10 жылдан артық тәжірибесі бар. Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ "Компьютерлік және бағдамалық инженерия" кафедрасының қауымдастырылған профессоры болды. Қанат Қожахмет Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының сарапшысы.