Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы
Туған күні: 13.02.1984 ж.
1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiн тәмамдаған, халықаралық құқық магистрi;
Чехияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша экономика және менеджмент магистріне оқыған.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
«Құрмет грамотасымен» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Мансап
2008-2012 жылдар аралығында жоғары білім беру жүйесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінде басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарған.
2012-2014 жж. - ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы.
2014-2017 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
2017-2019 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Білім саласын жетекшілік етті.
2019-2020 жж. - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы.
2020 ж. - желтоқсан 2023 ж. – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы.