Артқа қайту

СҰЛТАНОВ РУСЛАН СЕРІКҰЛЫ

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

1981 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған. International Business School оқу орнында Executive MBA бағдарламасы бойынша іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесін алған.

2002 жылдан бастап экономика және мемлекеттік саясат саласында жұмыс істейді. Қаржы министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сияқты мекемелерде басшылық лауазымдар атқарған.

2024 жылдан бастап - «ФармМедИндустрия Қазақстан» қауымдастығының президенті, ал 2025 жылдан - EconomyKZ интернет-басылымының иесі.

Экономикалық саясат, сыртқы сауда және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.