Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының менеджері
Түйіндемелер cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады.Түйіндемені жолдау кезінде хатта міндетті түрде үміткер болғыңыз келетін бос лауазымның толық атауы көрсетілуі қажет.
Требования к образованию:
высшее (или послевузовское) образование. Предпочтительно наличие сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации.
Білімге қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Тиісті мамандық бойынша курстардан өткені немесе кәсіби сертификаттарының болуы құпталады..
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі,
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (халықаралық «Болашақ» стипендиясына, ғылыми тағылымдамаларға және академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға жіберу қағидаларына қатысты нормалар),
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңы,
Қоғамның жарғысы, мемлекеттік және орыс тілдері (міндетті), шет тілдері (қалаулы), еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер мен нормалар,
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ғылым және білім беру саласындағы қаулылары, халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау,
ғылыми тағылымдамалар және академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға жіберу қағидалары,
«Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары,
үміткерлердің құжаттарын қабылдау жөніндегі нұсқаулық,
мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттері,
шетел мемлекеттерінің білім беру жүйелерінің ерекшеліктері,
Қоғамның ұйымдық құрылымы және Қоғам мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттар.
Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар:
стратегиялық ойлау,
ұйымдастырушылық қабілеттер,
коммуникативтік дағдылар, кеңес беру дағдылары,
дербес компьютерді,
кеңсе техникасын,
жергілікті және ғаламдық желілерді еркін пайдалану дағдылары, презентациялар өткізу,
мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу,
топпен және дербес жұмыс істеу.
Қосымша талаптар: жауапкершілік,
сенімділік,
адалдық,
кәсібилік, стресске төзімділік,
жағдайды сыни бағалай білу және өзгермелі жағдайларға бейімделу, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу, ынтымақтастықты дамыту және келіссөздер жүргізе білу.