Жарияланған күні:

Кадрларды дамыту және құжат айналымы басқармасының бас менеджері (негізгі қызметкердің уақытша жоқ кезеңіне)

(Осы бос орынға түйіндеме мен портфолио 2023 жылғы 15 ақпанғаға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электронды поштасына қабылданады. Түййіндемені жіберген кезде хатта талаптанып отырған бос орынның толық атауын міндетті түрде жазу қажет).

Біліміне қойылатын талаптар: білімі жоғары. Тиісті мамандық немесе кәсіби сертификаттау бойынша курстардан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 2 жыл.

Міндеттері:

  • өз құзыреті шегінде Қоғамның қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер/толықтырулар әзірлеу, енгізу;
  • Қоғамның конкурстық және тәртіптік комиссияларының хатшысының міндетін атқару;
  • құрылымдық бөлімшелердің берілген өтінімдері бойынша кадрларды іздеу мен іріктеуді жүзеге асыру;
  • жаңа қызметкерлерді бейімдеу бойынша іс-шараларды өткізу (Қоғаммен таныстыру, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру);
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес персоналды есепке алуды жүргізу, қызметкерлердің тұрақтамауын және Қоғам қызметкерлерінің сапалық құрамын талдау;
  • Қоғам қызметкерлерінің тізімі мен нақты саны, кадрлардың тұрақсыздығы деңгейі туралы есептерді дайындау;
  • еңбек шартын жасау және ресімдеу, қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу; -Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтарды (жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыстардың барлық түрлерін беру, тәртіптік жаза қолдану/алып тастау) орындау;
  • еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне еңбек шарттарын жасасу және бұзу туралы мәліметтерді енгізу.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажет дағды мен ілім: • жауапкершілік; • ұқыптылық; • күйзеліске тұрақтылық; • көшбасшылық, ерекше жағдайларда шешім қабылдай алу; • коммуникабельділік; • шығармашыл, бастамашыл; • мемлекеттік және орыс тілінде іс жүргізе білу.

Лауазымдық міндеттерді атқару үшін қажет білім: ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Акционерлік қоғамдар туралы», Қоғамның Жарғысын, Қоғамның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттарды; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік шаралары, өндірістік санитария және өрттен қорғау.