Жарияланған күні:

Ішкі білім басқармасының бас менеджері

(Осы бос лауазымға түйіндеме cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Түйіндемені хатта жіберу кезінде сіз өтінім беріп отырған бос лауазымның толық атауын көрсетуіңіз керек).

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) гуманитарлық білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кемінде 3 жыл. Оқуды (магистратура, докторантура) шетелде аяқтаған жағдайда кемінде 1 жыл.

Міндеттері:

  1. Шетелдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту үшін стипендиялық бағдарламаға қатысатын шетелдік студенттердің жеке істерін қабылдау және өңдеу;
  2. «Study in Kazakhstan» платформасында шетелдік студенттердің деректер базасын қалыптастыру және жаңарту;
  3. Конкурс кезеңдеріне шетелдік студенттердің тізімін қалыптастыру, сондай-ақ нәтижелерді өңдеу;
  4. Шетелдік студенттерге стипендиялық бағдарламаға түсу бойынша брифингтер мен көрмелер ұйымдастыру және өткізу;
  5. Басқарманың жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
  6. Басқарманың құзыреті шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттарына, өтініштеріне кеңес беру және жауаптарды уақтылы ұсыну;
  7. Басқарманың құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен шетелдік азаматтардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша шетелдік студенттермен және қоғамның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасуды жүргізу;
  8. Қоғамның және/немесе Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ведомстволардан, білім беру мекемелерінен және ұлттық компаниялардан басқарма мен қоғам қызметінің мәселелері бойынша және стипендиялық бағдарламаны іске асыру барысында өзекті мәселелер бойынша келіп түсетін сұрауларға белгіленген тәртіппен жауаптар дайындау;
  9. Басқарманың жұмыс жоспарларын орындау;
  10. Қоғамның жарғысына және қоғамның ішкі актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен біліктер:

  • жауапкершілік;
  • адалдық;
  • инновация;
  • стратегиялық ойлау;
  • консультациялық жұмыс дағдылары;
  • жағдайды сыни тұрғыдан бағалай білу;
  • презентация жасай білу;
  • өзгеретін жағдайларға бейімделу қабілеті;
  • үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істей білу;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу дағдылары;
  • командада және өз бетінше жұмыс істей білу;
  • ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізу;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізу дағдылары;
  • заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары;
  • Қоғам қызметінің тиісті саласында ұйымдастырушылық жұмыс, іс-шараларды дайындау және өткізу дағдылары.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімі:

  • мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдері;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Жарнама туралы» заңдары;
  • «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) стратегиялары мен даму перспективалары; Қоғам Жарғысы, Қоғам және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар.